Жаңалықтар

Өзен арнасы тазартылып жатыр

Песчанка өзенінің арнасын тазарту жұмыстары облыс әкімінің жеке бақылауында. Жексенбі күні Ералы Тоғжанов төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірге өзен арнасын тазарту жұмыстарының барысын тексерді.

Қазіргі уақытта жауапты мекемелер өзен арнасындағы қоқысты шығарып, қысқа  дайындықты бастап кетті.

— Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында тиісті шаралар қазірден қолға алынды. Өзен арнасының қоқысқа толуына жол бермеуіміз керек. Биылғы су тасқыны кезінде бірталай үйге су кірді. Өзен арнасы толық қадағалауда болмағандықтан, жапсарлас тұратын елді мекендер көп зардап шекті. Үйлерін су басқан тұрғындарға өтемақы толық төленді. Келер жылы оқиға қайталабауы үшін мердігер компаниялармен тиісті жұмысты бастадық. Ұзындығы 900 метр болатын аумақта тазарту жұмыстары жүргізіледі.

Су тасқының алдын алу мақсатында төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Песчанка өзенінің арнасын тазартуға 70 адам жұмылдырылды. Кескен талдарды тазалық жұмыстары барысында және көктемгі абаттандыру кезеңінде егетін боламыз, — деді қала әкімі Асхат Шахаров.

 Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button