Жаңалықтар

Шаңырақтың шаттығы — ауызбіршілікте

Отбасы күні

«Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру  орталығында №63 мектеп- лицейінің ұйымдастыруымен «Отбасы құндылығы — сарқылмас қазына» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Оған үлгілі отбасылар қатысты.

Мерекелік шарада бала тәрбиесіне де үлгеріп,қоғамдық шараларға белсене қатысып жүрген Қарағұловтар, Татағұловтар, Бердімұратовтар отбасы мүшелері өз өнерлерін көрсетті. Іс-шараның мақсаты — отбасы тәрбиесінің мән-маңызын түсіндіре отырып, ұлттық салт-дәстүрді насихаттау.

Бүгінгі шараға отбасымызбен бірінші рет қатысып отырмыз. Отағасы волейбол ойнап, спортпен шұғылданады. Мамандығы — есепші.  Мен жеке кәсіпкермін. Қолөнер бұйымдарын табыс көзіне айналдырып, жеке кәсібімді дамытып келемін. Жас отбасыларға айтарым, шаңырақты сақтап қалу үшін ауызбіршілік керек. Өзара түсіністік болса, материалдық қиындықтар оңай шешімін табады, — деді Қарағұловтар отбасының отанасы Салтанат Отарбаева.

Шараның соңында «Анаға тағзым»  рухани-адамгершілік кешенінің менеджері Марта Есіркепқызы қатысушыларға алғысын білдіре отырып, Алғыс хаттармен марапаттады.

 Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button