Жаңалықтар

Биыл он елді мекен газбен қамтылады

«Мемлекет басшысы қойған маңызды міндеттердің бірі — ауылдық елді мекендерді газдандыру. Өңір басшысы Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен жиында облыстағы Президент тапсырмаларының орындалубарысы қаралды», — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынға бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары және Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері қатысты.

БиылАқтөбеоблысында он ауылдықелдімекенге газ барады. Энергетика жәнетұрғынүй-коммуналдықшаруашылығыбасқармасыныңбасшысыЕржанМұздыбаевмәліметінше, жылдыңқорытындысыбойыншаоблыста 835 мыңадамкөгілдір отынның игілігін көреді. Яғни өңір халқының 93,4 пайызы тұратын 152 елді мекен газбен қамтылады.

2022-2025 жылдар аралығында 76 елді мекенді газдандыру міндеті жүктелді. Сол кезде газбен қамтылған тұрғындардың үлесі 97,6 пайызға жетеді.

Көгілдір отын қоры бар. Барлық ауыл газбен қамтылуы тиіс. Облыста Ойыл және Ырғыз аудандары газбен аз қамтылған. Ойыл ауданында 22 елді мекеннің тек үшеуіне, Ырғыз ауданында 18 ауылдың бесеуіне ғана газ кірген. Осы аудандар бойынша жұмысты күшейту қажет, — деді облыс әкімі.

Бұдан бөлек жол бойындағы жас көшеттерді күтіп-баптауға, су қоймаларын салуға, суармалы жерлер алаңын кеңейтуге, елді мекендерді абаттандыруға қатысты өзекті сұрақтар талқыланды.

Осы аптада облыста санитарлық тазалау, абаттандыру және тал отырғызу бойынша екі айлық басталады. Сондай-ақ тазалықты бұзушылармен күресу мақсатында қоғамдық орындарда, қоқыс алаңдарында бейнебақылау камераларын көбейту туралы шешім қабылданды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button