Жаңалықтар

«Ән-ғұмырға» келіңіз!

Ертең  ҚРТұңғыш Президент атындағы мәдениет және демалыс  саябағында «Ән-ғұмыр» ретро концерті өтеді. Ақтөбе облысы әкімдігі, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама  басқармасының қолдауымен, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы ұйымдастырып жатқан әсем кеш кешкі сағат 19.00-ге жоспарланған.  

Концертте халықтың ән мұрасына сазды, назды лирика қосқан композиторлар, ән алыптары Нұрғиса Тілендиевтің, Шәмші Қалдаяқовтың, Бәкір Тәжібаевтың, Әсет Бейсеуовтің, Әбілахат Еспаевтың, Ескендір Хасанғалиевтің, Кеңес Дүйсекеевтің, Құралай Сәтмұхамбетованың әндері шырқалады.

Ескірмейтін есті әндердің кешіне ҚР еңбек сіңірген қайраткері Марат Әйтімов, ҚР мәдениет саласының үздіктері Жұлдыз Нұрқасымова, Манзура Сапарова, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Дулат-Рита Айтжановтар, Гүлназира Сағынғанова, Айбат Мақашев, Бағдат Балмағамбетова, т,б. әншілер қатысады.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button