Ұстаздың бір күні
Ақтөбе қаласына қарасты Пригородный орта мектебінде осы білім ордасында жиырма жылдан астам еңбек етіп келетін ұстаз Мәншүк Сарманованың «Ұлағаты мол ғұмыр» атты шығармашылық есеп беру кеші өтті. Кешке бірқатар қала мектептерінің өкілдері мен мектеп ұжымы, ұстаздың шәкірттері, туыстары мен достары қатысты.
Кеш барысында Пригородный орта мектебінің директоры Гүлнар Жанина Мәншүк Әзілханқызының табысты еңбек жолы мен кәсіби шеберлігі жайында сөз етті. Қалалық білім бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің әдіскері Айжан Тамашаева ұстазды мерекесімен құттықтап, ыстық тілегін білдірді.
Кешке жиналғандар Мәншүк Сарманованың оқушылардың қатысуымен ұйымдастырған «Ресми қарым-қатынас және жазба тіл мәдениеті» ашық сабағын, «Салт-дәстүрді сахналау» атты факультатив сабақтарын тамашалады.
Мектеп өнерпаздары ән шырқап, би билеп, мерекенің шырайын келтіре түсті.
Арайлым НҰРБАЕВА.



