Жаңалықтар

«Tartyl fest» Ақтөбеде

  • Спорт фестивалі

«Tartyl Fest» фестивалі биыл елімізде алғаш рет ҚР Президенті жанындағы «Дара» таланттарды қолдау қорының қолдауымен өткізілді. ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта өткен жарысқа 370 адам қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатында Ақтөбе қаласының әкімі Aсхат Шахаров барлық қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.

«Tartyl Fest» республикалық спорт фестивалі 10 шілдеде Қонаев қаласынан басталды. Шара 6 қыркүйекке дейін еліміздің 20 қаласында жалғасатын болады.

Жарыс ережелері бойынша кез келген қатысушы турникке дұрыс және барынша көп тартылуы керек. Қатысушылар салмағы мен жасына байланысты тоғыз санат бойынша жарысты. Нәтижесінде барлығы 27 жеңімпаз анықталып, оларға ақшалай сыйлық табысталды. Атап айтсақ, І орын иегерлеріне — 200 мың, ІІ орын алғандарға — 100 мың, ІІІ орынға ие болғандарға 50 мың теңгеден берілді.

Фестиваль аясында жас әнші Калифарния өнер көрсетіп, жастарға ерекше көңіл күй сыйлады.

Алдағы уақытта 20 қалада жеңіске жеткен қатысушылар елордада өтетін гранд-финалға қатысады. Оның жалпы жүлде қоры — 54 млн теңге. Гранд-финалдың жеңімпаздары Street Workout әлемдік чемпионатына жолдама алады.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Back to top button