Жаңалықтар

Арнайы аталымға ие болған қойылым

Сейсенбі күні «Қурайлы» Мәдениет үйінде А.Чеховтың «Қараңғылық» шығармасының желісі бойынша сахналанған «Мына ғасыр» атты қойылым көрерменге ұсынылды.

Аталған қойылымда адамдар арасындағы екіжүзділік, парақорлық, әділетсіздік, ақшаға тойымсыздық сияқты жағымсыз қасиеттер көрініс табады.

Спектакльдің қоюшы режиссері «Қурайлы» Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Әлимұхан Айдынмұраттың айтуынша, бұл қойылымның жанры — экспериментальды абсурд. Яғни,

қойылым көріп отырған көрерменнің миына «шабуыл» жасайды. Осылайша адамдардың

өз әрекеттері, жеке қасиеттері туралы ойлануына мүмкіндік беріледі.

— Біз осы қойылымды 6-7 маусым күндері Орал қаласында өткен Қазақстан Республикасының Халық әртісі, кино және театр актрисасы Хадиша Бөкееваның 105 жылдығына арналған «Театрдың ғажайып әлемі» атты батыс аймақтық театр фестивалінде қойдық. Көрермен жылы қабылдады. Фестивальде

«Үздік бейне» аталымына және қазылар алқасының арнайы сыйлығына ие болдық.

Жалпы аталған фестиваль жоғары деңгейде өтті. Біздің еңбегімізді, өнерімізді бағалаған оралдықтарға рақмет, — дейді Ә.Айдынмұрат.

Оның айтуынша, Мәдениет үйінің бастамасымен қыркүйек айында Мұхтар Әуезовтің құрметіне арналған балалар фестивалі ұйымдастырылмақ.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Back to top button