Жаңалықтар

Сартай батыр — мың бала

Дөңгелек үстел

С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында даңқты Сартай батырдың ерлік жолы, зерттелуі, тарихтағы орнына арналған дөңгелек үстел өтті.

Сартай Байжанұлы — ХVIII ғасырда өмір сүрген, жоңғарлармен шайқаста ерен ерлік көрсеткен, қазақ жерін жау қолынан азат ету жолында соңына мың бала ерткен қолбасшы.

Кітапханада өткен жиында елімізге белгілі ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мырзан Кенжебай, филология ғылымының докторы, профессор Жұманазар Асан баяндама жасады. «Сартай батыр — мың бала» қоғамдық қорының директоры Жақсылық Өрекешов осы қор тарапынан атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспары туралы айтты. Қоғамдық қордың алқа мүшелері Серік Нұртаев, Абдулнасыр Қожаниязов, Әбілқасым Есбергенов, Серік Жүрсінов, Бижан Қосбармақов, т.б. сөз сөйледі.

Ал мүсінші Әділ Байменов Сартай батыр атындағы көшеге қойылатын ескерткіштің макетін таныстырды. Елге белгілі жыршы Демеубай Жолымбетов ақын Нұрмағанбет Қосжановтың «Сартай батыр» жырын орындап, жиналған көпшіліктің көңілін бір көтеріп тастады.

Шара соңында кітапханаға Сартай батырдың суреті мен ол туралы еңбектер сыйға тартылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button