Жаңалықтар

Ақпарат министрі жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесті

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров облыстағы БАҚ өкілдерімен кездесті.

Кездесу еркін форматта өтті.

Асқар Омаров сөзінің басында қазіргі таңда елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, БАҚ туралы Заң қайта қаралып жатқанын айтты. Ол қоғамда қызу талқыланып жатыр. Осы талқылау аясында журналистердің мәртебесіне қатысты мәселе жиі көтеріледі. Министрдің пікірінше, әуелі «журналист деп кімді атаймыз?» деген сауалға жауап табуымыз керек. Сондай-ақ ол алдағы 2-3 жылда мемлекеттік телеарналар мен басылымдардың қызметкерлерінің еңбекақысы көтерілетінін, БАҚ өкілдеріне барынша қолдау шаралары жүргізілетінін жеткізді.

Басқосуда республикалық, облыстық телеарналар мен газеттердің тілшілері еңбекақыны көбейту, оқырмандарға газетті жеткізудегі қызметтің сапасы, цифрлық технологияларды дамыту, т.б мәселелерді көтеріп, өз ұсыныс-тілектерін айтты.
– Қазіргі таңда біздің алдымызда халыққа сенімді ақпарат жеткізу, жалған ақпаратты жарияламау сияқты өзекті міндеттер тұр. Барлық аудитория біздің мемлекеттік басылымдарды оқиды, көреді. Сондықтан Жаңа Қазақстанның журналистері мықты да жан-жақты кәсіби маман болуы керек. Сіздер халыққа шынайы, әрі жедел түрде соңғы жаңалықтарды жеткізесіздер, осы тұрғыда еңбектеріңіз зор.
Алда келе жатқан мерекелеріңіз құтты болсын! Баршаңызға шығармашылық табыс тілеймін! -деді министр.
Кездесу соңында Асқар Омаров бір топ БАҚ саласының қызметкерін Құрмет грамотасымен марапаттады.

Данагүл Қазихан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button