Жаңалықтар

Балаңызға сақ болыңыз!

Өткен жылы қаланың су айдындарында 15 оқиға тіркеліп, 11 адам суға кетіп қайтыс болған. Оның екеуі — бала. Құтқарушылар қайғылы жағдайдың барлығы дерлік шомылуға тыйым салынған аймақтарда болғанын айтады.

Ақтөбе қаласының төтенше жағдайлар басқармасы тұрғындардан суға түсу ережелерін сақтауды, балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

— Ата-аналар балалары үшін тереңдігі 5 сантиметрден асатын су толы ыдыстардың, үрмелі бассейндердің қауіпті екенін естен шығармағандары жөн. Су толы үрмелі бассейнді пайдаланбаңыздар. Балаңызды қараусыз қалдырмаңыздар.Балалармен бірге демалу үшін тек арнайы жабдықталған жағажайлар мен демалыс орындарын таңдаңыз. Бірақ жағажай маңында да балаңызды көзден таса қылмаңыз. Оларға шомылуға рұқсат бермес бұрын судың ағысын бақылап, температурасы мен тереңдігін қараңыз, — делінген басқармадан келген хабарламада.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button