Жаңалықтар

Баланың бәрі әдемі

Балалар жылына орай Ойыл аудандық Мәдениет үйінде «Мисс бүлдіршін — 2022» байқауы өтті.

Байқауға Байғанин, Алға, Мұғалжар, Темір аудандарынан да келген мектепке дейінгі дайындық сыныбының 4-5 жас аралығындағы бүлдіршіндері қатысты.

Балалардың шығармашылығын дамыту, сөйлеу қабілетін арттыруды мақсат еткен байқауда бүлдіршіндер 4 кезең бойынша бақ сынады. Таныстыру бөлімінен кейін қатысушылар өз өнерлерін ортаға салды. Көрермен назарын аударып, ерекше әсер қалдырғаны — сән үлгісі көрсетілімі. Қатысушылар шығармашылық таланттарын паш етіп, әсем әндерін орындады, мың бұрыла би биледі.

Байқау нәтижесінде Ойыл аудандық «Балдырған» балбөбек бақшасының бүлдіршіні  Аяулым Жалғас «Мисс бүлдіршін — 2022» атанды. Ал «І Вице Мисс» атағы Ойыл аудандық «Асанәлі» бөбекжай-бақшасының бүлдіршіні Кәусар Тлеубаеваға бұйырды. «ІІ Вице Мисс» атағын Байғанин ауданынан Аяна Тайбекова иемденсе, Алға ауданы Маржанбұлақ ауылынан келген Аянат Ақылбек «ІІІ Вице-Мисс» атағын жеңіп алды.

Жеңімпазға 50 000 теңгелік сертификат табысталды.

 А.БОЛАТБЕК.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button