Жаңалықтар

42 егіз бала

Ақтөбе қалалық азаматтық xал актілерін тіркеу бөлімі2022 жылдың 5 айы бойынша қызықты деректерді жария етті.

Аталған уақыт аралығында Ақтөбе қаласының АХАТ бөлімінде 5202 сәбидің тууы тіркелсе, 1351 жұп некесінқиған екен. Тағы бір қызықты мәлімет, облыс орталығында осы уақыт ішінде 42 егіз баланың шілдеханасы өткен. Егіздерге Қайнар-Кәусар, Айнәр-Ақнәр, Аңсар-Айым, Аман-Есен, Керей-хан – Жәнібек-хан, Елігай-Бегімай секілді әдемі есімдер қойылыпты. Сондай-ақ мамыр айының соңында Қасым, Жомарт, Кемел деген үшемнің дүниеге келгені белгілі.

Есепті кезеңдегікөңілсіз санайғақтарға тоқталсақ, 141 ерлі-зайыпты ажырасыпты. Ал мәңгілік сапарға аттанғандардың саны — 1502…

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button