Күлкі базары

Келіншегім кетіп қалды 

Таңертең ырылдап, ой, кешіріңіз, пырылдап ұйықтап жатқанмын. Тұрсам, келіншегім кетіп қалыпты. Дүкенге емес, төркініне.

Бір параққа айбақ-сайбақ етіп  хабарлама жазыпты: «Сүмелек! Енді мені ұмыт! Шыдамның да шегі бар!  Қызыңды да ұмытарсың! Пока! Сәлеммен Малың.» «Покасы» несі? Қайтып келетін болғаны ғой? «Малың» дейді. Екеуміз болмашыға ұрысып қалғанымызда  мен «Мал!» деп, ол: «Сүмелек!» деп мазақтасатынбыз.

Жүрегімді жүн басып, біреу тызылдаған арқамды қасып кеткендей болды. Артынан арсалаңдап бармадым.

Бір ай өтті, екі ай, үш ай… Тілі былдырлап шығып келе жатқан қызымды, шынымды айтсам, әйелім екеуміз ұрысқан күндерді де сағына бастадым. Күрсінумен күн, өзімді өзім құшақтаумен түн өтті.

Ұялы телефонына  қоңырау шалсам: «Оның телефоны жанып кеткен немесе басқа байға тиіп кеткен» деген дауысты хабарлама шығады да тұрады. СМС-пен хабар жібердім: «Жаным, малым, кешір мені. Қызымыз үшін кешір мені. Не үшін ұрысқанымыз да есімнен шығып кетіпті, үйге келші… Күн сайын жұмыртқа қуырып жей-жей, күпті болып кеттім… Күтемін сені!». Одан хабар түсті: «Сүмелегім! Қатынсыз қалай екен а? Сауап болыпты! Не, төркінімнің әдіресін ұмытып қалғансың ба?»

Ойбуу, менің келуімді күтіп отыр екен–ау! Үйленгенімізге үш жыл болды, осы үш жыл ішінде үш жүз рет төркініне қашып кетіп, үш жүз рет алып келдім ғой! Неге ұмытайын! Содан базардан келіншегіме арнап бір тал гүл сатып алып, газельмен қайын жұртыма зымырайын.

Алдымнан кішкентай ботақаным, әкесінен аумай қалған қызым жүгіріп шықты. Сағынып қалыппын, көзімнен жас шығып кетті.  Қарасам, енем тұр қасымда. Қызы қайтып келгенде кері қуып жіберуіне болады ғой, сонда да болса ұят санап, құшақтап жатырмын.  Қарасам, қасымда қайын атам тұр еңкілдеп. Оны да құшақтап жыладым.  Қарасам, қасымда қара сиыр тұр. Оны да құшақтап…

Құшақтап тұрсам, қарасан келгір бір тал гүлімді жеп қойыпты! Енді бір қарасам, келіншегімді құшақтап тұрмын. Шәй ішіп отырмыз. «Неге ұрысып қалдыңдар осы?» — деп сұрайды енем. Келіншегім есіне түсірді, сөйтсем, мен мазақтап тілімді шығарыппын. Бар болғаны сол.

Үйге үшеу болып қайттық. Кешкі шай үстінде ойнап, тілімді шығардым. Келіншегім үндеген жоқ. Бірақ таңертең тұрсам, кетіп қалыпты!

Мұхтар ШЕРІМ.

 

АЙСАНЫҢ АҚЫНДЫҒЫ

Ішінде Торғайдың топжарғаны атанған ақиық ақыны Нұрхан Ахметбеков бар, бір жиын-тойға қаңғалақтап жүріп Айса да тап келіпті. Қарап отырғанша көңіл көтергісі келген бір қулар:
— Айсеке, атағы алысқа кеткенімен, Нұрханның ақындығы сіздікінің жанында немене, тәйірі! Айтысып, аптығын бір басып тастаңызшы! — деп қайрап салса керек.
Сол-ақ екен, Айсекең қамшысын кесе-көлденең ұстап, домбыраша қағып-қағып жіберіп:
— Баласы Ахметбектің ақын Нұрхан,

Менімен айтысуға
Бір өлең дайындап қойшы.

Зибаш-ау,
Қасың бар қара қиғаш-ау! — деп «төгіп» жіберсін. Заманы бір Айсекеңнің сырын жақсы білетін Нұрхан мәз болып күліп:
– Жеңілдім, Айсеке, жеңілдім, саған шамам қайдан келсін! – деп мойындаған екен.
Содан «Нұрханды жеңген» Айсаның ақындық даңқы бүкіл Торғай торабына тарап, бас қосқан жерде жұрт одан өлең айтуды қолқалайды екен. Мүдіруді білмейтін Айсекеңнің, «базардан алып келген жезді құман» деген сияқты, «Зибаш-ауы» дайын тұрады:
— Аспанда ұшып жүрген боталы түйе,

Соңына оның ерген құлынды бие,

Торайлар жүр тоғайда былқ-сылқ етіп,

Зибаш-ау,
Қасың бар қара қиғаш-ау!— деп одан әрі күшейеді екен.
Айсекең ауданның білдей бір мекемесінің дыңдай бастығы болып тұрғанда, ел ішін ат-арбамен аралайтын-ды. Бірақ арбасы ескі, доңғалақтары қисық, аты да ыңыршағы айналған жауыр болса керек. Бірде ол кісімен сапарлас болып келе жатқан Балғабай дейтін қу тілді жігіт:
— Арбаңның доңғалағы салады ирек,

Келеді жаман атың зорға сүйреп.

Айсеке-ау, бір ат тауып мінбедің бе,

Тұрғанда Торғайыңды өзің билеп? —деп қағытқан екен.

Сонда Айсекең:
— Балғабай, оны маған не депайтыпотырсың?

Өзім де біраттауыпмінемінғой,
Зибаш-ау,
Қасың бар қарақиғаш-ау! –депсерігініңаузынақұмқұйыпты.
Айсажолаушылапкележатып, Тәуішдегенауылғасоғады. Бірүйкелінтүсіріп, оныңбетінашатынадамтабаалмай, сабылыпжатырекен.Бірқалжыңбасқарапотырмай:
—Құдай-ай! Айсекеңтұрғандакелінніңбетінбасқакімашушыеді! —депернінсылпеткізіпті.
—Әрине, бет ашубізденқалғаншаруағой, —дейдібұлбөсіп.
Оныңсырыноншабілмейдіме, әлдекөлденеңкөкаттынықұттықонақсанадыма, әйтеуір, той иелерідомбыраныАйсекеңеұсынды. Ақындомбыранықолынаалып, ұзақшертіп, толғатыпотырды да:
– Уа, қарағым,
Ендібүгінқатынболдың! Зибаш-ау,
Қасың бар қарақиғаш-ау! —деп, келінніңбетінежабылғанжібекорамалдыжұлыпалыпты. «Біртойдаекі жар жоқ» дегендей, бұлбеташары той иелерінеұнасын-ұнамасын, шаруаосыменентыныпты. Ал осыданкейін «Айсекең бет ашыпты» дегендіестімедік…

Марат Нұрқалиев.

…деген екен

Белгілі жазушылар Қойшығара Салғараұлы, Сейіт Кенжеахметұлы, Қоғабай Сәрсекеев және журналист Сабыржан Шүкіровтар бір ауданда және бір жылы туған құрдастар екен. Олардың кезінде бір-біріне айтып жүрген жарасты әзілдері жұрт аузында жиі айтылады

Жанында бір топ серіктері бар Қоғабай мен Сейіт ел аралап келе жатады. Туған аулына келген Қоғабай жолда тоқтай қалып:
— Жер де тозып өзгерген екен-ау. Мына жер біздің жас кезімізде жайқалған шабындық еді, енді қоғажай басып кетіпті, — депті. Сонда Сейіт:
— Жер өзгерсе шөбі қоғажай болады, ел өзгерсе жазушысы Қоғабай болады, — деген екен.

 

Сейіттің үйінде бұрын Сталиннің суреті ілініп тұратын. Кейін балалары ол суреттің орнына  Сейіттің суретін іліп қояды. Мұны байқаған жолдастары «мына жердегі Сталиннің суреті қайда?» — дегенде Сабыржан Шүкірұлы:
— Оны сұрап қайтесің, өлі Сталиннен тірі Сейіт артық қой, — деген екен.

Ауыл айтқыштары

      СӘМЕН МЕН САҒЫНАЙ

Мөңке ұрпақтарының ішінде сөзге  жүйріктер көп болды. Кеңшардың кезінде Сәмен шөп бригадирі қызметін атқарып, автомашина үстінде жүрді. Бірде тойға ауылдасы, «соқыр Сағынай» аталып кеткен кісіні ертіп ала барады. Жасы үлкен болған соң төрде  отырған, ащы судан біраз сілтеп алған Сағынай өзінен төмендеу  жердегі Сәменге қайта-қайта  тиісіп: «Сәмен мендей  бола алмайды! Мендей болу қайда!» дей береді.

Сонда Сәмен: «Ой-бүй, Сәке, маған сіздей  болу қайда? Сіздей болу үшін жеті жасымда ойнап отырып оң көзіме қайшы тығып алуым керек еді», — депті.

Тағы бір тойға барғанда төбелес басталып кетеді. Зәресі  ұшқан Сағынай: «Аман-есен тұрғанда кетейік», —  деп қоймайды.

Сонда Сәмен: «Үш көзіміз  түгел  тұрғанда  кетсек кетейік», — деген екен.

Ж.АСАН.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button