Жаңалықтар

Ардагерлер бас қосты

Облыстық кәсіподақтар орталығы аумақтық бірлестігінде мұнай-газ саласының ардагерлері бас қосты.
Өңірдегі ірі «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ына қарасты мекемелерде еңбек еткен ардагерлер енді еңбек дауларының алдын алу мақсатында келіссөздер жүргізуге қатысуды ұйғарып отыр.
Қазіргі таңда ел экономикасының жетекші саласына айналған мұнай-газ саласында өткен ғасырдың 60-80 жылдарынан бастап еңбек еткен, жаңа кен орындарын ашуға, игеруге үлес қосқан ардагерлердің айтары көп. Оларға осы кезге дейін ай сайын аз мөлшерде әлеуметтік төлем төленіп келсе, қазір жұмыс беруші тарапынан ол тоқтаған. Олардың басын біріктіретін кеңес те жоқ екен.
Жиында мұнайшы-ардагерлердің материалдық жағдайына қарайласу, оларды мерейтойларымен құттықтау, «Жан бар жерде, қаза бар» дегендей, отбасында ауыртпалық бола қалса, көмек көрсету, денсаулығын нығайту үшін жылына бір рет емдеу орындарына жолдама беру, т.б. мәселелерді ұжымдық шарт аясында шешуге кәсіподақ ұйымы ықпал етсе деген ұсыныс айтылды. Осы мәселелермен одан әрі айналысу үшін өз араларынан белсенді азамат Б.Абдулланы кеңес төрағасы ретінде сайлады.
Облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы А.Әмірғалиев өз кезегінде оларға зейнет жасындағы мұнайшы еңбек ардагерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымын құрудың артықшылықтары туралы айтып, әріптестікті одан әрі жалғастыра беруге шақырды.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button