Жаңалықтар

34 хаттама толтырылған

Брифинг

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының биылғы І тоқсандағы қызметінің қорытындысы туралы баспасөз конференциясы өтті.

Басқарма басшысы Оксана Сопрунның айтуынша, басқарма «Электронды үкімет» порталы арқылы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында 5 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Олар: жобалық және барлау қызметтеріне, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге лицензия беру, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптама жұмыстарын және инжинирингтік қызметтерді көрсететін сарапшыларды аттестаттау, құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.

Осы жылдың І тоқсанында  құрылыс саласындағы лицензияланатын қызметтерді жүзеге асыру үшін қосымша жұмыс түрлерін қабылдауға, қайта тіркеуге және енгізуге өтінімдер қабылданған. Бүгінге дейін барлығы 61 өтініш келіп түскен.

— Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.

Қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында тікелей эфирде және басқарманың ресми сайттарында тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Биыл сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құқықбұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы 34 хаттама толтырылды, — деді Оксана Сопрун.

Оның айтуынша, осы жылдың бірінші тоқсанында  арнайы мониторинг жүргізілген. Жұмыс тобының өкілдері Ақтөбе қаласындағы құрылыс нысандарында жүк көліктерінің дөңгелектерін жуу және тазалау, іргелес аумақтарды қиыршық таспен толтыру және абаттандыру ережелері сақталмағанын анықтаған. Құрылысқа тапсырыс беруші 17 және 1 мердігер ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы көлемі 6 822 833  теңге әкімшілік айыппұл салынған.

Мониторинг нәтижесі бойынша құрылыс ұйымдарының басшыларына құқықбұзушылықтарды жою және алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button