Жаңалықтар

Төтенше жағдай болмауы үшін…

«Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен құқықбұзушылықтың, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті», — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Отырыста қысқы және су тасқыны кезеңінің қорытындысы, ​елдімекендердіөртке қарсы сумен қамтамасыз ету, 2021-2022 жылдарға арналған өзгенің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл жоспарының орындалуы, полицияның сервистік модельге өтуі секілді мәселелер қаралды.Өңір басшысы алдағы жылы су тасқынын болдырмауға ерекше назар аудару керектігін айтты.

— Келер жылдары болуы мүмкін су тасқындарының салдарын азайту бойыншажасалған нақты шараларды жүзеге асыру керек, —  деді облыс әкімі. ​

Өңір басшысы сондай-ақ өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, табиғи өртті сөндіруді ұйымдастыру, су нысандарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өзгенің мүлкін ұрлаудың алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button