Жаңалықтар

І орын — «Думанда»

Байқау

Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен балабақша тәрбиеленушілері арасында «Тіл болашағы — балабақшада» атты қалалық байқау өтті.

Байқаудың мақсаты — мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, тіл тазалығын сақтау, балалардың танымдық қабілетін арттыру, тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Байқауға 6 топ қатыcты. Олар үш кезең бойынша сынға түсті. 1-кезеңде қатысушылар өздері тәрбиеленіп жатқан білім беру мекемесі мен тобын таныстырса, 2-кезеңде ауызша тапсырмаларға жауап берді. Ал 3-кезеңде ертегілер бойынша көрініс көрсетіп, өз өнерін ортаға салды.

Байқау нәтижесі бойынша І орынды №49 «Думан» бөбекжай-балабақшасы жеңіп алды.

ІІ орынды №43 «Гүлдәурен» балабақшасы, ІІІ орынды №7 «Арман» балабақшасы иеленді.

Шара соңында жеңімпаздар қала әкімінің орынбасары А.Көпеновтің атынан дипломдар және сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар байқауға қатысқан барлық қатысушыға арнайы сыйлықтар берілді.

Д.АЙДАР. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button