Мереке

«Бір шаңырақ астында»

Ақтөбе қаласындағы №69 орта мектепте «Мәдениетті ана — мәдениетті ұлт» республикалық жобасы аясында 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында «Бір шаңырақ астында» атты мәдени шара өтті.

Облыстық ішкі саясат басқармасының және «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен өткен шараға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің, №69 орта мектептің ата-аналар комитетінің мүшелері, мұғалімдер мен жоғарғы сынып оқушылары, Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері қатысты.

Жиынның басты мақсаты — оқушыларды ұлттық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу, өзге ұлт өкілдерінің мәденитін, әдет-ғұрпын  сыйлауға үйрету, өнегелі ұрпақ тәрбиелеп, елге сыйлы аналарды үлгі ету.

Шара барысында жиналғандар «Қазақтың қолөнері — қасиетім» атты көрмені тамашалады. «Мәдениетті ана — мәдениетті ұлт» жобасы аясында ақ жаулықты аналармен сыр-сұхбат ұйымдастырылды.

Іс-шара қорытындысында тренинг өткізілді.

А.БОЛАТБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button