Жаңалықтар

Департаменттің материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары жалғасады

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин ҚР Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаевты қабылдады.

Кездесуге облыс әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Марғұлан Аманбаев қатысты.

Жиында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету,​ облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметтерінің материалдық-техникалық базасын​ нығайту,

арнайы техника паркін толықтыру​ мәселелері талқыланды.

Соңғы жылдары біздің облыста​ төтенше жағдайлар департаменті қызметтерінің​ материалдық-техникалық базасын​ нығайтуға ерекше назар аударылып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады, — деді облыс әкімі.

Оңдасын Оразалин театр режиссері Данияр Базарқұловты да қабылдады.

Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры директорының орынбасары Нұрлан Бөкенбаев қатысты. Олар жақында тұсаукесері өтетін «Ер Едіге» спектаклі туралы пікір алмасты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button