Жаңалықтар

Жедел жәрдем ауруханасына жаңа медициналық жабдықтар сыйлады

«Қазхром» компаниясы Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасының хирургия бөліміне медициналық керек-жарақтар сатып алуға 2,9 млн теңге қаражат бөлді.

Аталған компанияның Корпоративтік коммуникациялар қызметі хабарлағанындай, бұл қаржыға АҚШ-та өндірілген заманауи ECHELON Flex эндоскопиялық артикуляциялық аппараты мен күрделі жарақаттар кезінде қолданылатын қосалқы кассеталары бар хирургиялық тігу аппараты алынған. Дәрігерлердің айтуынша, күрделі шұғыл жағдайларда, әсіресе ішкі ағзалардың жарақаттары кезінде бұл жабдық ауадай қажет: адам ағзасына арналған степлердің бір түрі ретінде бұл аппараттарды қолдану ыңғайлы әрі хирургиялық тігу аппараты қол әдісімен салыстырғанда, зақымдануды барынша азайтады.

—  Осы құрал-жабдықты сатып алу туралы медициналық жедел жәрдем ауруханасы дәрігерлерінің өтінішін бейжай қалдыра алмадық. Бұл медициналық мекеменің білікті мамандары бірнеше рет біздің қызметкерлерге медициналық көмек көрсетті.  Сол үшін де біз  алғысымызды білдіргіміз келді. Бұл заманауи құрылғылар ақ халатты абзал жандардың игілікті жұмыстарын  жеңілдетеді деп сенемін,  деді «Қазхром» президенті А.Есенжолов.

М.ТАБЫН.   

Басқа жаңалықтар

Back to top button