Жаңалықтар

Жаңа төраға сайланды

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымының алқа жиынында өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстар сараланды. Аталған мерзім ауқымында мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, мекеме-кәсіпорындарда қызметтік пайдаланылу деңгейін арттыру бағытында бірқатар іс-шаралар жүзеге асқаны атап өтілді.

Басқосуда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитетінің Құрмет грамотасымен «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымы төрағасының орынбасары Жанғабыл Қабақбаев, облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Маржан Жанасова, Шалқар, Мәртөк және Ойыл аудандық ұйымдарының жетекшілері Роза Дәуітова, Қымбат Сүйінғалиева, Марал Еркінова марапатталды.

Жиында халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымының төрағасы қызметіне бұған дейін Ақтөбе қалалық ұйымы жетекшісі болған Роман Рахиев сайланды.

Н.ДАБЫЛОВ.   

Басқа жаңалықтар

Back to top button