Жаңалықтар

Тергеу жүргізіліп жатыр

4-5 қаңтарда Ақтөбе қаласында және облыстың бірқатар аудандарында наразылықтар болғаны белгілі. Бүгінгі күні терроризм актілерін, жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру, билік өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық көрсету, мемлекеттік ғимараттарға шабуыл жасау және оларды басып алу деректері бойынша 13 қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта арнайы прокурорлардың қатысуымен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі таңда жалпы саны бір жарым мыңға жуық адам ұсталып, полиция органдарына жеткізілді. Олардың ішінде аса ауыр қылмыс жасады деген күдік бойынша 15 адамға қатысты сот «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, 417 азамат әкімшілік қамауға алынды, қалғандарына қатысты тексеру және жедел іс-шаралар жүргізілуде.

Бүгінде өңірдегі ахуал тұрақты, барлық нысандар штаттық режимде жұмыс істеуде. Қалған қылмыскерлерді іздеу және ұстау бойынша шаралар қабылдануда.

Сонымен қатар, ҚР «Терроризмге қарсы іс-кимыл туралы» заңының 21-1 бабына сәйкес, терроризм актісін жасауы салдарынан, сондай-ақ, олар жасаған терроризм актісін жолын кесу кезінде өлгендіктен террористік іс-әрекетке қатысуына байланысты өздеріне катысты қылмыстық іс қуғындау тоқтатылған адамдарды жерлеу ҚР Үкімет белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады. Аталған адамдардың мәйіттері жерлеуге берілмейді және олар жерлеген орын туралы хабарланбайды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button