Басты жаңалықтар

Бір тәулікте 323 адамнан КВИ анықталды

​​​​Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 13 қаңтардан бастап Ақтөбе облысы «қызыл» аймаққа кірді.

Ақтөбе облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Лаура Қаналинаның айтуынша, 13 қаңтарда бір тәулікте облыс бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 323 адам тіркелді, оның 197-сінде ауру белгісі болса, 126-сында ешқандай ауру белгілері байқалмаған.

Осы уақытқа дейін облыста 35770 адам КВИ жұқтырып, ауырды. Олардың 34544-і емделіп, жазылды. Қазіргі таңда 1218 науқас үй карантинінде емделуде, оларға учаскелік дәрігерлері медициналық бақылау жүргізіп отырады.

Мамандар өңірде КВИ жұқтырғандардың қайтадан көбейе бастағанын, сондықтан да қоғамдық орындарда міндетті түрде бетперде тағып, қолыңызды әлсін-әлсін антисептикалық құралдармен тазалап, жиі жуып жүруді қатаң ескертеді.

Ауырып, ауру таратпау үшін әр адам санитарлық талаптардың қарапайым ережелерін сақтап жүргені абзал.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button