Жаңалықтар

Өңірдегі қазіргі жағдай талқыланды

Сейсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин өңірдегі қазіргі жағдайға байланысты жиын өткізді. Жиын барысында облыс бойынша жағдайдың тұрақты екені, бірақ коронавирус індетінің өсімі байқалатыны айтылды. Соңғы тәулікте елуге жуық жағдай тіркелген.Соған байланысты дәрі қорын, жеке қорғаныс және дезинфекциялауқұралдарын, сонымен қатар халықты вакциналау және ревакциналау қарқынын арттыруды бақылау тапсырылды.
Жалпы, өңірде дәрілік заттардың екі айлық қоры бар, алайда жеке дәріханаларда бар-жоғын бақылау қажет, —  деді Оңдасын Оразалин.
Қазіргі таңда облыстағы мемлекеттік органдар, тіршілікті қамтамасыз ететін және әлеуметтік нысандар штаттық тәртіпте жұмыс жасап жатыр.
— Негізгі азық-түлік тауарларының қоры жеткілікті. Өңірде өзгенің мүлкіне қол сұғу дерегіне жол бермей, бизнес субъектілеріне зиян келтірмес үшін үлкен жұмыс жасалды. Енді кәсіпкерлер өздерінің жауапкершіліктерін сезініп, бағаны негізсіз көтермегендері дұрыс. Бұны мемлекеттік органдар қатаң бақылайтын болады, — деді өңір басшысы.
Облыс әкімі халық арасында коменданттық сағат талаптарын сақтау бойынша ақпараттық жұмысты күшейтуді, блок-бекеттердің әрі қарайғы тиімді жұмыс жасауын, сонымен қатар қатты-тұрмыстық қалдықтарды шығаратын, көлік жолдары мен жаяужолдарды қар мен мұздан тазартатын коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button