Жаңалықтар

Келер жылы суармалы жер көлемі 41 мың гектарға дейін артады

Облыста келер жылы суармалы жер көлемі 41 мың гектарға ұлғаяды. Бұл туралы «Қазсушар» РМК Ақтөбе филиалының директоры Әділжан Әлізақ хабарлады.

Өңірде агроөнеркәсіп саласы кешенді дамып келеді. Өйткені кәсіпорында суармалы жер көлемін өсіруге бағытталған арнайы мемлекеттік бағдарламалар бар. Мәселен, 2017-2021 жылдарға арналған «Суармалы жерлерді қалпына келтіру» мемлекеттік бағдарламасы аясында 4 жылда суармалы жер көлемі едәуір артқан.

— 2019-2020 жылдар аралығында кәсіпорын Еуропалық қайта құру және даму банкі несиесімен бағдарламамызды жүзеге асырдық. 13 355 гектар жер қалпына келтіріліп, шаруа қожалықтарға пайдалануға берілді. Соңғы жылдары облыста егістік алқап көлемінің өсу қарқыны байқалады. Мәселен, былтыр 30226 гектар жер суармалы  болса, биыл оның көлемі 32000 гектарға өсті, —  деді «Қазсушар» РМК Ақтөбе филиалының директоры Әділжан Әлізақ.

Оның айтуынша, өткен жылы филиал суармалы суды жеткізу үшін шаруа қожалықтарының 4659,64 гектар жері бойынша келісімшартқа отырған. Ал биыл бұл көрсеткіш 5475,24 гектарға көбейген. Өңірдегі шаруалардың басым көпшілігі мал азығын егумен айналысады. Аталған алқап көлемінің  4212 гектар жеріне мал азығын дайындауға дәнді дақылдар егілген.

Айта кету керек, биыл облыста вегетациялық маусым табысты аяқталды. Қарғалы, Мәртөк, Хромтау аудандарындажыл артып аграрлық сала дамып келеді.

Директордың сөзінше, биыл аталған аудандарда суармалы су тапшылығы болған жоқ.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Back to top button