Жаңалықтар

Жүлдемен оралған өнерпаз

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласында Халықаралық «ALASH STAR» өнер байқауы өтті. Аталған байқауда вокал номинациясы бойынша Ақтөбе қаласындағы №51 гимназияның 4-сынып оқушысы Айзере Сандыбай жүлделі І орынды иеленді.

Байқау аспапта ойнау, хореография, дәстүрлі ән, вокал, актерлік шеберлік, қолөнер, бейнелеу өнері, көркемсөз, арнау номинациялары бойынша өтті. «Вокал» номинациясы бойынша республикамыздың әр өңірінен келген 70 өнерпаз өз өнерлерін ортаға салды. Айзере Сандыбай ерекше дарынымен көзге түсіп, жеңімпаз атанды. Жас өнерпаз Еркебұлан Кенеханның сөзі мен Марат Балмырзаның әніне жазылған «Қазақ бол» әнін орындады.

Өнер байқауында шәкіртінің жүзден жүйрік атануына себепші болған жетекшісі, №51 гимназияның музыка пәнінің мұғалімі Бақытнұр Жимбаева да «Үздік жетекші» және Құрмет грамотасымен марапатталды.

 Ақбота БОЛАТБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button