Жаңалықтар

Алдағы бюджет талқыланды

Депутаттық жұмыс тобы мен облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының бірлескен отырысында тоғыз облыстық басқарманың «NurOtan» партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалуы аясында бюджет шығыстарына қатысты мәселелер тыңдалды.

Облыстық денсаулық сақтау, білім беру, еңбек инспекциясы, тілдерді дамыту, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, дін істері, ішкі саясат, мәдениет, архивтер мен құжаттама, денешынықтыру және спорт басқармаларының басшылары депутаттарға 2022-2024 жылдарға арналған бюджет шығыстарының жобаларын ұсынды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаевтың айтуынша,  ағымдағы 13бюджеттік бағдарлама бойынша шығындарға 14 миллиард 587 миллион 737 мың теңге қарастырылыпты. Ал білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан баяндағандай, 2022-2024 жылдарға арналған бюджет шығындары 301 миллиард 371 миллион 456 мың теңгені құрайды. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының  ағымдағы 5бюджеттік бағдарлама бойынша шығындарына 8 миллиард 263 миллион 910 мың теңге бөлу қажет. Облыстық дін басқармасының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеттік өтінімінің жалпы сомасы — 535 миллион 509 мың теңге.

Денешынықтыру және спорт басқармасының шығындарына 5 ағымдағы бюджеттік бағдарлама бойынша 23 миллиард 929 миллион 661 мың теңге бөлу көзделген. Мәдениет басқармасының шығындарына 8 ағымдағы бюджеттік бағдарлама бойынша 6 миллиард 390 миллион 548 мың теңге бөлу қарастырылған. Тілдерді дамыту басқармасы 2022-2024 жылдарға арналған 4 бюджеттік бағдарлама бойынша 334 миллион 536 мың теңге сомасында бюджеттік өтінім берді. Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың 2022-2024 жылдарға арналған жалпы бюджеттік өтінімі 336 миллион 969 мың теңгені құрады.

Отырыс соңында комиссия төрағасы Амангелді Есіркепов депутаттарға облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының есебін және 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын таныстырды.

Баяндамашылардың баяндамаларын талқылап, бірқатар сұрақтар қойып, облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нұғманов бюджеттік өтінімдердің жобаларын «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын және мәслихат депутаттары қабылдаған міндеттемелерді ескере отырып ұсыну қажеттігін атап өтті.

Облыстық мәслихаттың

баспасөз қызметі. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button