Жаңалықтар

Бақылау жалғасатын болады

Облыстық мәслихаттың хатшысы Амангелді Нұғмановтың төрағалық етуімен кеңес өтті.

Кеңес барысында  2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын қарау мәселелері, сонымен қатар тұрақты комиссиялардың биылғы есептері мен келер жылға арналған жоспарлары талқыланды.

Облыстық мәслихат хатшысы депутаттарға ағымдағы кезеңде атқарылған жұмыстар туралы баяндап, осы шақырылымдағы депутаттар облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен сессияларында қаралған өзекті мәселелерді талқылауда үлкен белсенділік танытқанын атап өтті.

Кеңес төрағасы депутаттарға жемісті жұмысы үшін алғыс айтып, табыс тіледі.

Депутаттық корпустың маңызды міндеттерінің біріNur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының іске асырылуын бақылау, өңірдегі экономикалық, әлеуметтік ахуалға мониторинг жүргізу. Бұл жұмысты облыс мәслихаты келесі жылы да жалғастыратын болады, — деді Амангелді Нұғманов.

Облыстық мәслихаттың баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button