Жаңалықтар

Соттар әкімшісі орнына облыстық сот кеңсесі

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сай, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттар қызметін қамтамасыз ету департаменті басшылығының шешімімен Ақтөбе облыстық соты кеңсесі басшысы болып Айдарбек Қазтайұлы Айтазин тағайындалды.

1973 жылы Алматы қаласында дүниеге келген ол әскери полк командирінің орынбасары, Атырау облыстық сотының, Алматы қалалық мамандандырылған қаржы сотының кеңсе меңгерушісі қызметтерін атқарған.

2009 жылдан бастап жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Ақтөбе облысы соттар әкімшісінің орынбасары, соттар әкімшісінің міндетін атқарушы қызметтерінде болды.

Облыс судьяларына жаңа кеңсе басшысын таныстыру барысында облыстық сот төрағасы Бектас Бекназаров соттар қызметіндегі кадрлық, материалдық-техникалық, ұйымдастыру-талдау мәселелері бойынша барлық мәселелерді шешу жаңа құрылымға жүктелетінін айтты.

Облыстық соттың

баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button