Жаңалықтар

Ұлт саулығы – ел байлығы

«Nur Otan» партиясының басты мақсаты – азаматтардың денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту болып табылады. Осы орайда, партияның қалалық филиалы жанынан Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі кеңес ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап құрылып, бекітілген жоспарға сай жұмыс жасап келеді.
Кеңестің негізгі мақсаты – алдағы 5 жыл ішінде «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру үшін дайындалған Жол картасындағы негізгі көрсеткіштердің орындалуын бақылау.
Осы орайда 19 тамыз күні облыстық Ұлт денсаулығы мәселелері бойынша қоғамдық кеңесінің кезектен тыс отырысы онлайн форматында өтті. Жиында дәрігерлік амбулаториялар құрылысы, денсаулық сақтау нысандарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жұмыстары қаралды.
2021 жылы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша Алға ауданындағы Есет батыр ауылында, Темір ауданындағы Қопа ауылында, Шалқар ауданындағы Жылтыр ауылында және Байғанин ауданындағы Жарқамыс ауылында 481 млн 861 мың теңгеге 4 дәрігерлік амбулатория құрылысы жоспарланған. Соның ішінде Жарқамыс ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылысы тамыз айында басталды. Құрылыстың нормативтік ұзақтығы 4-6 ай. Жиында жобаның аяқталмау қаупі талқыланды.
Сондай-ақ Жол картасында кемінде 28 денсаулық сақтау нысанын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған болатын. 2021 жылы Мұғалжар, Байғанин, Алға аудандарының денсаулық сақтау нысанын және Шалқар ауданының Байқадам фельдшерлік-акушерлік пунктін күрделі жөндеуге жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. Бүгінгі күні барлық жоспарланған денсаулық сақтау нысандарына құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Қайрат Сабыр, Ұлт денсаулығы мәселелері бойынша өңірлік қоғамдық кеңес төрағасы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button