Жаңалықтар

Ардагерлер ықпалы артады

Облыстық ардагерлер кеңесінің төралқа жиынында тұрақты комиссиялардың құрамдары бекітіліп, алдағы жұмыстар сараланды. Бүгінде облыстық ардагерлер ұйымында 90 мыңға жуық зейнеткер бар.

«Қазірде бастауыш және салалық ардагерлер ұйымдарының жұмысын жандандыруға бағыт алынып отыр. Жуырда білім беру саласы ардагерлерінің ұйымы құрылды. Ардагерлер қашанда қоғамдық еңбектен қол үзбей, жаңа бастамаларымен, көптеген игі істердің көш басында жүреді деп есептейміз. Әсіресе бүгінде жастарды салауаттылыққа, Отанға, елге адал еңбек етуге тәрбиелеуде ардагерлердің тигізер пайдасы мол», — деп атап өтті жиында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтов.

Облыстық ардагерлер ұйымының тұрақты комиссияларының жетекшілері болып Зәпен Жұмабаева, Роман Рахиев, Жақсылық Әліқұлов, Нұрхан Ақниязов бекітілді.

Жиында қаралған мәселелер қатарында Ақтөбе қаласына қарасты жақын маңдағы селолық округтердегі ардагерлердің белсенділігін арттыру, олардың қоғам өмірінен тысқары қалмауларына оң ықпал ету жайы сөз болды.

Нұргүл ҚОНАҚБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button