Жаңалықтар

Гимназия ауласына 1000 түп ағаш отырғызылды

Акция

Ақтөбе қаласындағы 12-шағын аудандағы №51гимназияда «Қамқор Green» бағдарламасы бойынша «Қамқор Park» акциясы өтті.

Акцияның арқасында гимназияның ауласында жаңа «Саяжол» атты алаң ашылды. Алаңға 1000 түп шырша мен қарағай егілді. Салтанатты шараға облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан, қалалық білім бөлімінің басшысы Меткүл Қосымбаевабастаған білім саласының өкілдері қатысып, алаңға ағаш отырғызды.

«Жасылел» бағдарламасымен үндескен бұл шара еліміздің экологиясын жақсарту жолындағыбағытын қолдайды.Сол себепті «Қамқор Менеджмент» компаниясының бас директоры Диас Сүлейменовтің тікелей бастамасымен осындай игі іс ұйымдастырылып отыр. Жалпы, елімізбойынша өтіп жатқан акция басқа қалалардадажалғасын тауып жатыр. Біз қаланы, ауылды көгалдандырып қана қоймай, жас буынды отансүйгіштікке, туғанжердің табиғатын аялауға шақырамыз. Акция жастарды осындай жолмен тәрбиелеуді мақсат тұтады, — дейді «Қамқор Локомотив» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тартқыш жылжымалы сервистік қызмет көрсету жөніндегі директоры Асан Нүсіпқұлов.

Облыстық мәслихат депутаты Сұлупан Шынтасова қазіргі таңдағы экологиялық проблемалардың бір шешімі осындай жобалар екенін айтып, бұл бастаманы ұйымдастырушыларға Ақтөбе қаласы халқының атынан алғысын жеткізді.

Гимназия директоры Гүлнәзия Дәрібаеваның айтуынша,  жас көшеттерді күтіп-баптауға гимназия оқушылары белсенділік танытып отыр.

Самат ЕСЕНҚҰЛ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button