Жаңалықтар

Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ  БАҚЫЛАУ

КОМИТЕТІ  АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ  БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ

ҚАУЛЫ

17.09.2021 ж.

Ақтөбе қаласы

Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды  күшейту туралы» Ақтөбе облысының  Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің  2021 жылғы 30 маусымдағы №ПГГСВ-24 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ Ақтөбе облысының аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 104-бабының 2, 3, 4, 7- тармақтарын және Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 тамызындағы №37, 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38, 2021 жылғы 10 қыркүйегіндегі №42 қаулыларын басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №ПГГСВ-24 қаулысына (бұдан әрі-ПГГСВ-24) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) ПГГСВ-24-тің айқындаушы (кіріспе) бөлігіндегі «2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68» сөзі «2021 жылғы 10 қыркүйегіндегі №42» деген сөзімен ауыстырылсын;

2) ПГСВ-24-тің қосымшасындағы 15, 26, 27, 41, 46 тармақтарына келесідей өзгерістер  енгізілсін:

 

Объектілер/ салалар Шектеу карантиндік шаралар «ASHYQ» жобасына қатысатын объектілер үшін  жұмыс режимі
15. Қоғамдық көлік Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38 қаулысының  14 қосымшасының талаптарын сақтай отырып, кептеліс уақытында қоғамдық көліктің желіге барынша көп шығуы, отыратын орындардың саны бойынша қоғамдық көліктің толтырылуы, барлық есіктерді ашу, жолаушыларға қол жетімді жерлерде антисептигі бар санитайзерлерді орнату, жолаушылардың, жүргізушілердің және кондукторлардың бетперделерін міндетті түрде киюін сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істеуіне рұқсат етіледі

 

 
26. Банкет залдары (мейрамханалар және дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету) тыйым салынады («Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда). «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер жұмыс күндері сағат 07.00- ден 00.00-ге дейін толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай, «Лидер» мәртебесі бар қатысушылар сағат 07.00- ден 02.00-ге дейін толтырылуы 60%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай.

Сенбі және жексенбі күндері «Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің қызметкерлері мен келушілерінде «жасыл» мәртебесі (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) болған жағдайда ғана сағат 07.00- ден 00.00 дейін толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай, «Ashyq» жобасы лидерлеріне сағат 07.00- ден 02.00 дейін толтырылуы 60%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай   жұмыс жасауына рұқсат етіледі.

 

Тамақты жеткізу мен шығару штаттық режимде.

 

Ұжымдық, салтанатты, отбасылық, естелік (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, садақа (51-т. қоспағанда) және т.б.) және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады.

27. Азық-түлік емес тауарлардың барлық түрлерін сататын дүкендер

 

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38 қаулысының 5 қосымшасының талаптарын сақтай отырып ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс істеуіне рұқсат  етіледі.  
41. Көрермендермен спорттық іс-шараларды өткізу тыйым салынады («Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда) «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер жұмыс күндері сағат 09.00- ден 00.00-ге дейін толтырылуы 20%-дан асырмай, «Лидер» мәртебесі бар қатысушылар сағат 09.00- ден 02.00-ге дейін  толтырылуы 20%-дан асырмай.

Сенбі және жексенбі күндері «Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің қызметкерлері мен келушілерінде «жасыл» мәртебесі (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) болған жағдайда ғана сағат 09.00- ден 00.00 дейін толтырылуы 20%-дан асырмай, «Ashyq» жобасы лидерлеріне сағат 09.00- ден 02.00 дейін толтырылуы 20%-дан асырмай жұмыс жасауына рұқсат етіледі.

46. Адамдар көп жиналатын конференциялар, форумдар, ойын-сауық, сондай-ақ, мерекелік, отбасылық, салтанатты, естелік, садақа (51-т. қоспағанда) және басқа да іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізу тыйым салынады  

 

3) ПГСВ-24-тің қосымшасын 51 тармақпен толықтыру:

 

51. Банкет залдары (садақа өткізу) тыйым салынады («Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда) «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер және «Лидер» мәртебесі бар қатысушылар жұмыс күндері толтырылуы 30%-дан асырмай, бір адамға кемінде 4 шаршы метр алаңмен қамтамасыз етіліп, бірақ 30 адамнан аспайтын кезде жұмыс жасауына рұқсат етіледі.

 

Сенбі және жексенбі күндері «Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің«Лидер» мәртебесі бар қатысушылардың  қызметкерлері мен келушілерінде «жасыл» мәртебесі (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) болған жағдайда ғана толтырылуы 30%-дан асырмай, бір адамға кемінде 4 шаршы метр алаңмен қамтамасыз етіліп, бірақ 30 адамнан аспайтын кезде жұмыс жасауына рұқсат етіледі.

 

Ұжымдық, салтанатты, отбасылық (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар және т.б.) және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады.

 

  1. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

 

 

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                          Н. Беркімбаева

Басқа жаңалықтар

Back to top button