Жаңалықтар

Әлеуметтік мәселелер қаралды

Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы ауқымында облыста ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Елеусіз Нұрғалиев хабарлағандай, Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы ауқымында облыста ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Биылғы жылы «Дипломмен — ауылға» бағдарламасы бойынша 173 жас маман 79 миллион теңге көлемінде көтерме жәрдемақы алып, 86 жас маман 345 миллион теңге көлемінде тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несиеге ие болды. Бір мың жасты маусымдық жұмыспен қамту жоспары толығымен орындалды. «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 425 жас кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды, олардың 82-сі қайтарымсыз гранттар алды. Жастарға сапалы білім беру мәселелері тұрақты бақылауда, бірақ бұл ретте өңір әлеуетті техникалық мамандықтарға тапшы. Білім беру ұйымдарында және жұмысшы жастар арасында еріктілер қозғалысы жақсы дамуда. Жоғары оқу орындарының 25 925 студенті екпе бойынша республикалық электрондық базаға енді.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асланбек Шүйіншалиев депутаттарға мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмысты ұйымдастыру және жұмыспен қамту бағдарламаларының орындалу барысы туралы айтып берді.

Облыстағы мүгедектер саны 27 700 адамды құрайды. Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарында мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік қызметтер порталын пайдалануға жәрдем көрсету үшін 187 қызмет көрсету аймағы ашылған. Мүгедек балаларға әлеуметтік қызметтерді 9 үкіметтік емес ұйым көрсетеді, әлеуметтік оңалту орталықтары ашылды. Мүгедек адамдардың әлеуметтік инфрақұрылым орындарына кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін 2021 жылы 258 нысанды бейімдеу жоспарлануда.

— Облыс халқын жұмыспен қамтуға, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге бағытталған «Еңбек» бағдарламасы оң нәтиже беруде, — деді баяндама жасаған Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті ректорының міндетін атқарушы Эльнар Исмағұлова. Ол депутаттық топтың тексеру нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар етті.

Депутаттық топ осы жылдың маусым айында университеттің және оның құрылымдық бөлімшелерінің қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізді. Медициналық орталық тарапынан көрсетілетін медициналық қызметтер сапасының төмендігі, орталықтың аумағын абаттандырудың қолға алынбағаны, басқа да кемшіліктер анықталды.

2019 жылы медицина қызметкерлерінің жалақысы өсті. Оқу орнының өз қаражаты есебінен кіші медицина қызметкерлері мен емханалардың басқа да қызметкерлерінің айлығы ұлғайтылды, — деді ол.

Тұрақты комиссияның отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Амангелді Нұғманов және облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова қатысты.

Н.ҚАЛМАҒАНБЕТОВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button