Жаңалықтар

«Alina» компаниялар тобы: мәрмәр толтырғыштар өндірудің технологиялық желісі ашылды

«Alina» компаниялар тобы Ақтөбе қаласында мәрмәр толтырғыштар өндірудің технологиялық желісін ашты.

Өткен жылдың ақпанында «Ақтөбе қаласында құрғақ құрылыс қоспалары менлак-бояу өнімі зауыты үшін мәрмәр толтырғышты өндіруге арналған инновациялық технология мен жабдықтар сатып алу және енгізу бойынша» бірегей жоба жасалды, жоба «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігінің қолдауымен  жүзеге асырылды.

Бұл технологияның бірегейлігі көлбеу електердің және диірмен жіктегішінің инновациялық құрылымы арқылы  мәрмәрді елеу мен ұнтақтаудың жоғары сапасынан тұрады. Жаңа желіде меншікті мәрмәр карьерінен алынған шикізат өңделеді және лак-бояу өнімі мен құрғақ құрылыс қоспаларының меншікті өндірісінде қолданылатын мәрмәр толтырғыштар шығарылады. Жаңа желі батыс аймақта компанияға өндіруден бастап дайын өнімге дейінгі толық өңдеу айналымын қамтамасыз етті.

Бұл инновациялық технологиялық жоба «QazInnovations» агенттігі және «Alina» компаниялар тобы үшін ірі жобалардың бірі және Ақтөбе облысы үшін маңызды болып табылады, өйткені оның іске қосылуы құрғақ құрылыс қоспалары мен лак-бояу өнімі зауыты үшін мәрмәр толтырғышты өндіруді арттыруға мүмкіндік береді.

«Жаңа өндіріс ашылуы нәтижесінде Ақтөбе қаласындағы филиалда 2020 жылдан  бері отыздан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Сонымен қатар 2022 жылы қосымша 7-10 жұмыс орнын ашуды жоспарлаймыз. Жоспарға сай кәсіпорынның өндірістік қуаты 30% артады. Және филиал бойынша салықтық аударымдар көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 120 миллион теңгеден астам құрады», —  деп «Alina» КТ өндіріс жөніндегі директоры Александр Иконописцев түсінік берді.

«Alina» компаниялар тобы құрылыс материалдарын өндіру жағынан Орта Азиядағы көшбасшы болып табылады. Шикізатты өндіру мен өңдеуден бастап дайын өнімді ақырғы тұтынушыға сатуға дейінгі толық өндіріс айналымы арқасында «Alina» КТ нарықтың қажеттілігіне жылдам назар аударады, өнімнің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне және баға мен сапаның тиімді қатынасына кепіл береді. Жеке зертханалары бар ғылыми-техникалық инновациялық орталық өнеркәсіп тобының құрылыс-әрлеу материалдарының барлық бренд өнімінің сапасына көп деңгейлі бақылауды қамтамасыз етеді. «Alina» КТ тауар жинағының желісіне AlinEX, НАШИ құрғақ құрылыс қоспалары, лак-бояу өнімі, AlinaPaint, Norma және Decorex сәндік бояулары мен сылақтары, G-EX минералды шикізаты кіреді.

Н.БАТЫРХАНҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button