Жаңалықтар

Жолдаудағы бағыттар —  басты назарда 

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин өңірдегі су, газ, электр желісі, жол және әлеуметтік нысандар құрылысының мәселелері бойынша қызметтік жиын өткізді.

​Жиынға облыс әкімінің орынбасары Сәлімгерей Бекбергенов, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайыр, энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаев, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нағымжан Алдияров қатысты.

Отырыста биыл және келер жылы жүзеге асырылады деп жоспарланған жобалар қаралды.

Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімі Мемлекет басшысының 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру басты міндет екенін ерекше атап өтіп, инженерлік құрылым, тұрғын үй құрылысын дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Өз тілшіміз. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button