Жаңалықтар

Құран хатым оқылды

Жалпыұлттық аза тұту күніне орай Ақтөбеде Құран хатым дұғасы оқылды.

29 тамыз күні таңертеңгілік облысымыздағы барлық мешіттер мен медреселерде Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы жарылыс салдарынан қаза болғандардың рухына бағышталып, Құран хатым дұғасы жасалды. «Нұр Ғасыр» мешітінде облыстың бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлы марқұмдар рухына Құран аяттарын бағыштап, жарылыстан зардап шеккен жамбылдықтарға — сабыр, елімізге, жерімізге тыныштық тілеп, бата қайырды.

Айта кетелік, бұл күні Құран хатым дұғасы еліміздің барлық мешіттерінде жасалды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен барлық өңірлердегі мешіттер Байзақтағы қайғылы оқиғадан зардап шеккендерге көмек ұйымдастырады.

Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button