Жаңалықтар

Жоба қолдау тапты 

Облыстық мәслихат депутаттары кезекті отырыста қаладағы автобустарды субсидиялауға қатысты мәселелерді талқылады. 

Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровтың айтуынша, 2016 жылдан бері қалалық бағыттағы автобустардың шығындарын субсидиялауға қаражат бөлінбеген.

— Әлеуметтік маңызы бар 29 бағыттағы автобустарды субсидиялау үшін 1,3 миллиард теңге керек. Бұл автобустарды жаңартып, сол арқылы қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, — деді ол.

Өз кезегінде депутаттар баяндамашыға осы мәселе бойынша бірқатар сұрақ қойып, сын-ескертпелерін айтты. Артынша жоба мақұлданды. Сондай-ақ субсидияға ілігетін автобус бағыттарын таңдау жауапкершілігі арнайы құрылған комиссияға жүктелетіні айтылды.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button