Жаңалықтар

Үш компонентті интеграцияланған жүйе: артықшылығы неде?

Кәсіпкерге кеңес

Үш компонентті интеграцияланған жүйені қолданатын кәсіпкерлер үшін Қазақстанда салық жеңілдіктері қарастырылған. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде жеке кәсіпкердің қандай артықшылықтарды қолданатыны туралы айтып берді.

Үш компонентті интеграцияланған жүйенің үш компоненті бар:

1) онлайн бақылау-касса машинасы;

2) төлем компоненті (POS-терминал);

3) есептеу жүйесі (ERP-жүйесі).

Қазіргі уақытта үш компонентті интеграцияланған жүйе тізіліміне 3 модель (Trinity және Trinity 1.2, Prosklad.kz) енгізілді. Оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкер пайдалануға олардың қай-қайсысын таңдай алады.

Салық кодексінің 82 және 683-баптарында жүйені пайдаланудың мынадай артықшылықтары көзделген:

– Үш компонентті интеграцияланған жүйе бойынша өтетін қолма-қол ақшасыз айналымдардың (төлем картасымен төлеу) сомасы ҚҚС бойынша есепке қою үшін айналымға (114 184 АЕК шегінде), сондай-ақ оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін табыс сомасына (70 048 АЕК шегінде) енгізілмейді;

– Үш компонентті интеграцияланған жүйеде салықтық есепке алу модулі бар, онда тауарлардың қозғалысы, сондай-ақ салық есептілігін, оның ішінде жалдамалы қызметкерлердің жалақысы бойынша қалыптастыруға мүмкіндік беретін элементтер көрсетіледі.

Осылайша аталған жүйені пайдалану кезінде табыс ұлғайған кезде кәсіпкерлерде арнайы салық режимі бойынша белгіленген шектердің асып кетуі немесе ҚҚС бойынша есепке қою қажеттілігі туралы алаңдаушылық туындамайды.

Үш компонентті интеграцияланған жүйе модельдері туралы толығырақ өндірушілердің www.tis24.kz және www.prosklad.kz веб-сайттарынан білуге болады.

Үш компонентті интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптар, аталған жүйені орнату және қолдану қағидалары «Үш компонентті интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі №953 бұйрығымен бекітілген (http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1900019327).

Үш компонентті интеграцияланған жүйені тіркеу салық төлеушінің кабинеті арқылы жүргізіледі.

Ақтөбе облысы бойынша

мемлекеттік кірістер департаменті. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button