Жаңалықтар

Қырағы бейнекамералар «қарап» тұр

Облыста автоматтандырылған режимде жұмыс істейтін арнайы сертификатталған бақылау өлшегіш құрылғылары арқылы жол қозғалысы ережелерін бұзып, жылдамдықты арттыруға қатысты 55 мың әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген.

Облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы берген дерекке сүйенсек, бұл былтырғы дәл осындай кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда 2,9 есе көп. Өткен жылы 19 мың бұзушылық тіркелген.

— Егер жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі автоматты режимде жұмыс істейтін арнайы сертификатталған бақылау өлшегіш құрылғылары арқылы тіркелген жағдайда құқықбұзушылық туралы бұл ақпаратты Egov.kz және Qamqor.kz порталынан ала аласыз немесе 55-93-82 телефон нөміріне хабарласуыңызға болады. Сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің интернет банкингінің мобильді қосымшаларының көмегімен және Kolesa.kz сайты арқылы да тексеруге, айыппұл  төлеуге болады, — дейді облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы өкілдері.

Құқықбұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін арнайы сертификатталған бақылау өлшегіш құрылғылар арқылы тіркелген жағдайда жүргізушінің телефон нөміріне хабарлама келеді. Осы хабарлама келген күннен бастап 7 тәулік ішінде көрсетілген айыппұл сомасының 50% мөлшерінде қысқартылған тәртіппен төлеу құқығын пайдалануға болады.

ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің талаптарына сәйкес айыппұлды ерікті түрде төлеу мерзімі 30 тәуліктен асқан жағдайда ол мәжбүрлі түрде өндіріледі.

Ақтөбе облысы ПД ӘПБ кез келген ұсақ құқықбұзушылық қайғылы оқиғаға әкелуі мүмкін екендігін, сондықтан жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді.

М.САТАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button