Жаңалықтар

«Ақтөбе облысының тұрғындары арасында  коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №ПГСВ-24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ  БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ  АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ  БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ

ҚАУЛЫ

27.08.2021 ж.

Ақтөбе қаласы

«Ақтөбе облысының тұрғындары арасында  коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды

күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №ПГСВ-24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ Ақтөбе облысының аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 104-бабының 2, 3, 4, 7- тармақтарын және Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67, 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №68, 2021 жылғы 26 тамызындағы №37 қаулыларын басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №ПГСВ-24 қаулысының қосымшасындағы 14, 15, 19, 23, 24, 25, 27, 30, 31, 32, 33, 34, 37, 38, 39, 40, 41, 45, 46, 47, 48, 50, 51 тармақтарындағы «сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады» деген сөйлем келесідей «үстіміздегі жылдың 28 тамызынан бастап сенбі және жексенбі күндері «Ashyq» қосымшасы арқылы расталған қызметкерлер мен келушілердің «жасыл» мәртебесі (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) болған жағдайда ғана «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер сағат 00.00 дейін, «Лидер» мәртебесі бар қатысушылар сағат 02.00 дейін жұмыс жасауына рұқсат» деген сөйлеммен ауыстырылып,  өзгерістер енгізілсін;
  2. «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №ПГСВ-24 қаулысының қосымшасындағы 12, 14, 15, 19, 23, 24, 25, 27, 30, 31, 32, 33, 34, 37, 38, 39, 40, 41, 45, 46, 47, 51 тармақтарындағы үстіміздегі жылдың 30 тамызынан бастап жұмыс күндері «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер «сағат 22.00 дейін» сөз «сағат 00.00 дейін» деген сөзбен ауыстырылсын, «Лидер» мәртебесі бар қатысушылар «сағат 00.00 дейін» сөз «сағат 02.00 дейін» деген сөзбен ауыстырылып, өзгерістер енгізілсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                          Н. Беркімбаева

Басқа жаңалықтар

Back to top button