Жаңалықтар

Өзекті мәселелер талқыланды

Облыстық мәслихаттың хатшысы Амангелді Нұғманов, облыстық мәслихаттың депутаттары Қайрат Сабыр, Әсел Шүнкеевалар жергілікті «Aqtobe» және «Рика» телеарналарында өткен тікелей эфир барысында өңір тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

Депутаттар көрермендерге облыс әкімінің есебі қаралған облыстық мәслихат сессиясының қорытындысы туралы айтып өтті.

Амангелді Нұғманов екінші жартыжылдықта атқарушы органдар мен депутаттық корпустың назары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру жөніндегі шараларды іске асыруға бағытталатынын айтты.

— Облыс әкімі өзінің есептік баяндамасында сыртқы және ішкі инвестициялар ағынын ұлғайту, өңдеуші сектордың өсуі мен дамуы есебінен экономика құрылымын одан әрі әртараптандыруға баса назар аудару қажеттігін атап өтті, — деді А.Нұғманов.

Тікелей эфир барысында көрермендер депутаттардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты сауалдар қойып, мәслихат депутаттарының қызметі қандай өлшемдер бойынша бағаланатынын түсіндіруді сұрады. Оларға Амангелді Нұғманов толық жауап берді. Сондай-ақ депутат Қайрат Сабыр коронавирус инфекциясымен күресу үшін бюджеттен қанша қаражат бөлінетінін және Әсел Шүнкеева өңірде шағын және орта бизнесті дамыту үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

 Облыстық мәслихаттың

баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button