Жаңалықтар

Сақтық шаралары күшейтіледі

Облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 30 маусымдағы №ПГСВ-24 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қаулыдағы өзгерістер туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлбану Дәулетова айтып берді.

Қаулыдағы жаңа өзгерістерге сәйкесенді «ASHYQ» жобасына қатысатын банкет залдарының жұмысына, спорттық іс-шараларды, марафондарды өткізуге,  облысаралық және қалалық тұрақты емес туристік тасымалдардың қозғалысына тыйым салынады. Ал  компьютерлік клубтар, оның ішінде PlayStation клубтары, боулинг залдары,  «ASHYQ» жобасы  бойынша сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін «Лидер» мәртебесі бар қатысушылар сағат 12.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс жасайды.

Аталған нысандардың жұмыс жасауына сенбі және жексенбі күндері тыйым салынады.

— Сұлулық салондары, ашық және жабық базарлар, банктер мен «Қазпошта» бөлімшелері, дәмхана, кофехана секілді объектілер «ASHYQ» жобасы  бойынша уақыт шектеуімен жұмыс жасайды. Мәселен, сұлулық салондары, шаштараздар және косметологиялық қызмет көрсететін объектілерге алдын ала жазылу бойынша сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс жасауына рұқсат етіледі, «ASHYQ» жобасы  бойынша жұмыс күндері сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін«Лидер» мәртебесі бар қатысушыларға сағат 7.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс жасауға рұқсат. Ашық және жабық базарлардың жұмыс уақыты сағат 16.00-ге дейін. Егер  «ASHYQ» жобасына қатысатын болса жұмыс уақыты сағат 17.00-ге дейін, «Лидер» мәртебесі болса сағат 19.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.  Банктер, Халыққа қызмет көрсету орталықтары, «Қазпошта»  бөлімшелеріне сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі, «ASHYQ» жобасына сәйкес Халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істей алады, — дейді Гүлбану Дәулетова.

Сонымен қатар осы аталған объектілердің барлығына  сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.

Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Толтырылуы 50 пайызға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Ал егер объект  «ASHYQ» жобасының қатысушысы болса, онда 7.00-ден 20.00-ге дейін, толтырылуы 50 пайызға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай, «Лидер» мәртебесі барларға сағат  7.00-ден 22.00-ге дейін, толтырылуы 60 пайызға дейін, бірақ 50 орыннан асырмайжұмыс істеуіне рұқсат.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті берген мәліметке сәйкессоңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 365 адам тіркелген. Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі – 2,1%. Мамандар тұрғындардан санитарлық талаптардың қарапайым ережелерін сақтауды сұрайды.

            Ақерке САТЫБАЛДЫ.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button