Жаңалықтар

Олимпиада куәгерлерімен кездесті

Полиция департаментінің қызметкерлері Токио Олимпиадасына қатысып жатқан қазақстандық спортшыларды қолдау мақсатында ардагерлермен кездесу өткізді.

Іс-шараны полиция департаментінің музейіосы саланың ардагерлер кеңесімен бірлесіп ұйымдастырды.

Кездесу барысында полиция ардагерлері 1980 жылғы Олимпиада ойындары туралы естеліктерімен бөлісті. Іс-шараға 1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиада куәгерлері — бұрынғы милиция қызметкерлері шақырылды.

— 1980 жылы біздің облыстан олимпиадаға құқық тәртібін қамтамасыз ету үшін 46 милиция қызметкері жіберілді. Ал 1985 жылы Мәскеуде Жастар фестивалі өтті, оған да біздің қызметкерлер қатысты, — дейді музей меңгерушісі Айша Өтеулина.

Ардагер Сағынтай Даржанов Мәскеудегі 80-інші Олимпиаданың құқықтық тәртібін қамтамасыз етуге, ал Дәмен Өмірбек 1985 жылғы Жастар фестиваліне қатысты.

«Біздің батальонды майор Сорокин басқарды. Ол кезде мен өте жас едім, сонда да Мәскеудегі Олимпиада ойындарында құқықтық тәртіпті қамтамасыз еттім. Боксшы Серік Қонақбаевтың күміс медальғаие болғанын көрдім. Сол кезде қазақ болғаныма қатты қуанып, кеудемді мақтаныш сезімі кернеді», — дейді Сағынтай ақсақал. Сосын ол мұражайға 1980 жылғы Олимпиада ойындарының символын сыйлық ретінде тапсырды.

Сондай-ақ «Динамо» спорт клубының басшысы Арыстан Төлепбергенов барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, өз атынан шағын сыйлықтар табыс етті.

«Қазіргі уақытта Токио Олимпиадасына қатысушы спортшыларымыздың бәріне сәттілік пен табыс тілейміз», — дейді ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалым Даулеталин.

А.БАЛЖАНАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button