Жаңалықтар

«Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы»

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ

ҚАУЛЫ

30.06.2021 ж.

Ақтөбе қаласы

«Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу

жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы»

Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ Ақтөбе облысының аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 104-бабының 2, 3, 4, 7-тармақтарын және Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67, 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №68,03.06.2021 жылғы №26қаулыларын басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдеріне, аумақтық мемлекеттік органдарға, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» акционерлік қоғамы «МК Ақтөбе бөлімшесі» филиалының директорына, құқық қорғау және арнайы органдарға, меншіктің барлық нысанындағы кәсіпкерлік субъектілеріне, Ақтөбе облысының тұрғындарына қамтамасыз ету:

1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысына шектеулер мен рұқсаттарды іске асыру және кәсіпкерлік объектілерінде «ASHYQ»мобильдік қосымшасының жобасын енгізу арқылы жүзеге асыруды.

Бұл ретте, шектеу шараларын қатаңдату эпидемиологиялық жағдай 5 күн ішінде күрделенген жағдайда («жасыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «қызылға» көшу) жүргізіледі, карантиндік шараларды жеңілдету «сары» аймаққа «қызылдан» немесе «жасыл» аймаққа «сары» аймақтан ауысқаннан кейін 7 күннен кейін жүргізіледі;

2) аквапарктердің,жағажайлардың қызметіне тыйым салуды;

3) қала саябақтарында, жағалауларында және скверлерінде балалар мен ересектерге арналған қозғалыс құралдарын (электромобильдер, педальды автомобиль, самокаттар, картингтер, пейнтбол, автодромдар, гироскутерлердің барлық түрлері және т.б.) жалға беруге тыйым салуды;

4) Ұлттық құрамалар, клубтық командалар үшін спорттық жаттығуларға (30 адамнан артық емес, денемен жанаспайтын әдіспен дене қызуын өлшеу, спорт базаларында тұру) рұқсат беруді;

5) спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау ұсынған жағдайда облыстық командаларды дайындау үшін оқу-жаттығу жиындарын өткізуге рұқсат беруді;

6) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық шараларды сақтай отырып көшедегі азық-түлік саудасының рұқсат етілген түрлерінің жұмысына (оның ішінде тез дайындалатын тамақ өнімдерін, пончиктерді, балмұздақтарды, алып шығуға арналған кофені, көкөніс шатырларын және т.б. сататын объектілердің)рұқсат беруді;

7) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 21 және 22 қосымшаларындағы талаптарды сақтай отыра авто-экспресс (алыпкетугеарналғантамақ) жұмысына рұқсат беруді;

8) облыстың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілері мен шұғыл жағдайларды қоспағанда, оффлайн режимде кеңестер (отырыстар) өткізуге тыйым салуды;

9) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 27 қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (оның ішінде ҰҚК Шекара қызметінің) және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы арасында COVID-19 таралу қаупін азайту жөніндегі алгоритмді сақтауды;

10) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 12 қосымшасына сәйкес, әуежай, теміржол және автомобиль вокзалдарының жұмыс істеу алгоритмін сақтауды;

11) қоғамдық көлікке, таксиге, әуежайға, теміржол вокзалдары мен автовокзалдарға, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға, аялдама павильондарына, үйлердегі кіреберістер мен лифтілерге, ауладағы балалар алаңдарына және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізуді күшейтуді.

2.Ақтөбе облысының тұрғындарына:

1) респираторлық инфекцияның алғашқы симптомдары (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т. б.) пайда болған кезде 103 нөмірі бойынша жедел жәрдем шақыру жолымен медициналық ұйымдарға бармай-ақ, үйде медициналық көмекке дереу жүгіну;

2) қоғамдық тамақтану орындарында әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып тамақ ішкен жағдайда және бес жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте (оның ішінде таксиде), қоғамдық орындарындағы ашық ауада болған кезде барлық адамдарға медициналық немесе мата бетперделерін міндетті түрде тағу;

3) 65 жастан асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдарды, бірінші кезекте қажетті тауарларды сатып алу, сондай-ақ медициналық мекемелерге бару жағдайларын қоспағанда, аса қажеттіліксіз тұрғылықты жерінен кетпеу ұсынылады;

4) облыстың барлық тұрғындарына адамдар көп жиналатын орындарға барудан бас тартуға, әлеуметтік қашықтықты, бетперде режимін және жеке гигиена ережелерін сақтауға кеңес беріледі;

5) облыс халқының алаңдарда, скверлерде, жағалауларда, саябақтарда жәнеөзге де демалыс орындарында бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 3 адамнан астам топ болып адамдардың жиналуына тыйым салынсын;

6) жерлеу іс – шараларын өткізу кезінде кемінде 2 (екі) метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 20 (жиырма) адамнан (атап айтқанда отбасы мүшелері, жақын туыстары) артық адамдардың жиналуына жол бермеу.

3.Меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар мен кәсіпорындар санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етсін:

1) персоналдарды, қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен (бетпердемен, қолғаптармен)қамтамасыз ету;

2) үй-жайларға, ғимараттарға кіре берісте және одан шыға берісте санитайзерлер орнатылсын;

3) келушілерге, клиенттерге үй-жайларға бетпердесіз кіруге жол бермеу;

4) үй-жайлардың ішінде және сыртында әлеуметтік қашықтықтың сақталуын бақылау, белгілердің болуын қамтамасыз ету;

5) үй-жайларды ылғалды жинауды, дезинфекциялауды және үй-жайларды желдетуді тұрақты жүргізу;

6) барлық объектілердің кіреберісінде келушілердің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу үшін қашықтықтан байланыссыз термометрия жүргізу.

  1. Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдеріне, Ақтөбе облысының полиция департаментіне, Ақтөбе облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының, Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшыларына:

мониторингтік топтарымен объектілер мен қоғамдық көліктерде күндізгі және түнгі уақытта шектеу карантиндік шараларының орындалуына бақылау күшейтілсін.

Бұзушылықтар анықталған жағдайда 2014 жылғы 05 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»ҚазақстанРеспубликасыныңКодексіне сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қолданылсын.

  1. Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы қамтамасыз етсін:

1)медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектілеріне кіретін адамдардың  дене температурасын өлшеуді,ЖРВИ, тұмау және COVID-19 белгілеріне күдікті барлық тұлғаларды «фильтр» арқылы қабылдауды,стационардың қабылдау бөлмінде пациенттердің күнделікті ағынын хирургиялық және терапиялық бейіндер бойынша бөлек қабылдауды, денсаулық сақтау ұйымдарының аймақтарға бөлінуі мен жұмыс режимін сақтау, медицина қызметкерлерінің инфекциялық қауіпсіздігі алгоритмін сақтау және күшейтілген дезинфекциялық режимді қатаң сақтауды;

2) барлық босандыру және балалардың медициналық ұйымдарында ЖРВИ, тұмау белгілері бар, COVID-19 коронавирустық инфекциясына күдігі бар, ПТР әдісімен COVID-19 инфекциясы расталған, COVID-19 симптомсыз және жеңіл ағымы бар жүкті әйелдерді, босанатын, босанған әйелдерді және балаларды, сондай-ақ стационарға түскен кезде COVID-19-ға ПТР талдауының нәтижелері жоқ пациенттерді емдеуге жатқызу үшін мамандандырылған бөлімше ұйымдастыруды;

3) профилактикалық мақсатта стационарға шұғыл және жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде барлық пациенттерді ПТР әдісімен тексеру.

6.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалына коронавирус инфекциясының ошақтарында лифтілерді, баспалдақ алаңдарын және лифтіге дейін және лифтіден кіреберістен шығуға дейінгі марштарды қамти отырып дезинфекциялауды; лифтілер болмаған кезде – КВИ-мен ауыратын науқастың пәтерінен кіреберістен шығуға дейінгі баспалдақ алаңдары мен марштарды қорытынды дезинфекция жүргізу кезінде 1 рет дезинфекциялауды қамтамасыз ету.

  1. Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасына:

1)БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы Ақтөбе облысының аумағындағы шектеу карантиндік шаралары туралы халықты жаппай хабардар етуді;

2) өзгеріп отырған жағдайды және сырқаттанғандар санының өсуін ескере отырып, БАҚ жұмысын бірыңғай үйлестіру мен орталықтандыру.

  1. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

9.«Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шаралары туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымындағы №ПГСВ-22 және ««Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шаралары туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылдың 03 маусымындағы №ПГСВ-22қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 4 маусымындағы №ПГСВ-23қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

10.Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

11.Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                           Н.Беркімбаева

Басқа жаңалықтар

Back to top button