Жаңалықтар

Мүшәйра жеңімпаздары марапатталды

Кеше Мемлекеттік қызметшілер күні мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіз елдің қызметшісімін!» атты мүшәйраның жеңімпаздары марапатталды.

Салтанатты шара барысында мемлекеттік қызметшілерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы  Әділбек Мұқашев пен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова құттықтап, қызметтеріне табыс тіледі. Департамент басшысы алдымен облыстың бірқатар мемлекеттік қызметшілеріне  «Үздік мемлекеттік қызметші» ведомстволық төсбелгісін, сондай-ақ  ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының атынан Алғыс хаттар табыстады.

Содан соң мемлекеттік қызметтіңимиджін көтеру және мемлекеттік қызметшілердің танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында ұйымдастырылған мүшәйра жеңімпаздары марапатталды.

Байқауға өңірдің 31 мемлекеттік қызметшісі қатысып, белсенділік танытқан болатын. Сайыс нәтижесі бойынша бірінші орынды Шалқар аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қорғанбек Исаев жеңіп алса, екінші орын Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылдық округінің әкімі Кеңшілік Байдрахмановқа бұйырды. Ал үшінші орынға Қобда аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Арман Қабылов лайық деп танылды.

Сонымен қатар сайыстың үш қатысушысы «Талмас талап»,«Үйлесімді ұйқас», «Ұшқыр ой» номинацияларымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

 Гүлнұр МУСАШЕВА,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button