Жаңалықтар

Вакцина алдыңыз ба?

Қарғалы ауданында 4 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы екпе алған.Қарғалы аудандық ауруханасының бас дәрігері Берік Жаржановтың айтуынша, аудан тұрғындары еркін таңдау жасап,ауданға әкелінген 3 вакци­наның бірін ала алады.

—  Қазір жағдай біршама тұрақтала бастады. Көптен күткен вакцина келіп, Қарғалы ауданының тұрғындары осы жылдың наурыз айынан бастап егіле бастады. Қарғалылықтар ал­дымен коронавирусқа қарсы «Спут­ник V» вакцинасын алса, кейіннен оларға таңдау мүмкіндігі туындап, «Hayat-Vax» пен «QazVaс» вакцина­лары әкеліне бастады.

Қазіргі таңдаҚарғалы ауданы бойынша 4000-ға жуық тұрғын  екпенің 1-ке­зеңін, 2000-дай адам 2-кезеңін алды. Жағдайдың одан әрі қа­лай дамитынын уақыт көрсетеді. Де­генмен ауданда санитарлық талап­тар әлі де ерекше бақылауда, — деді ол.

 Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button