Жаңалықтар

Ақтөбелік бишілер бас жүлде алды

Биыл республикалық  «Бақытты балалық шақ» фестивалі Шымкент қаласында өтті. Жарысқа  еліміздің түкпір-түкпірінен мыңдаған талантты бала жиналды.  Ақтөбеден «Геолог» мәдениет үйінің «Арай» үлгілі би ансамблі қатысты. Үлкен, орта және кіші топтың бишілері өнер көрсетті. Барлығы 41 биші қатысты. Ақтөбелік бишілердің өнерін қазылар алқасы жоғары бағалады. Нәтижесінде хореография жанры бойынша бас жүлде және бірінші орынға ие болды.

Бұл ерекше сапар болды. Барлығымыз бір үйдің балаларындай жиналып, жарысқа сақадай сай бардық. Жетекшіміз біздің әдемі әрі ерекше өнер көрсетуімізді ескертті. Біз бар күшімізді салдық. Сахнаға шығар тұста сыңарым Әдия екеуміз қатты қобалжыдық. Бірақ бәрі жақсы өтті, — деді өз әсерімен бөліскен биші Аруна Қожамырза. Кішкентай бишілер Әдия мен Аруна киелі Түркістан өлкесін аралап, жаңа достар тапқандарын айтты. Ал топтың жетекшісі Г.Аймағанбетованың айтуынша, еліміздің әр аймағынан келген талантты балалардың арасынан топ жару оңай болмапты. Дегенмен ақтөбелік бишілер үздік атанды.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button