Жаңалықтар

Мерейтой иесіне құрмет

Облыстық мәслихат депутаттары мен Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері белгілі қайраткер Әкімгерей Сергалинді мерейлі 70 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нұғманов еңбек ардагеріне облыс әкімі Оңдасын Оразилиннің құттықтау хаты мен сыйлығын табыстады. Сондай-ақ, облыстық мәслихат атынан Ақтөбе облысының дамуына қосқан елеулі үлесі, мемлекеттік қызметтегі көпжылдық кәсіби шеберлігі, өңіріміздің өзекті әлеуметтік мәселелерін шешудегі белсенді еңбегі, халық депутаттары аудандық Кеңесінің жұмысындағы қажырлы қызметі үшін Құрмет грамотасымен марапаттады.

Мерейтой иесін Әдеп жөніндегі комиссия мүшелері де құттықтады.

1951 жылы Алға қаласында дүниеге келген Әкімгерей Сергалин даңқты еңбек жолынан өтті. Орал педагогикалық және ауылшаруашылық институтын бітірген ол химия пәнінің мұғалімі, сондай-ақ агроном болып жұмыс істеген. Алға ауданының Коммунист колхозын басқарды. Алға ауданын басқарып тұрған 5 жыл уақыт ішінде Әкімгерей Сергалин ауданды жаңа белеске шығару жолында аянбай еңбек етті. Ол ұзақ уақыт бойы  Ақтөбе облысында кейін Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызмет істері басқармасы мен департаментінің басшысы лауазымдарын атқарды. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру өңірлік орталығының директоры болып жұмыс істеді.

Айта кету керек, Әкімгерей Бексұлтанұлы «Ерен еңбегі» үшін медалі мен  «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісінің иегері.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button