Жаңалықтар

Жарықтандыруға бөлінген ақша қайда?

Прокуратура

Хромтау ауданында «Жұмыспен қамту жол картасы 2020-2021» мемлекеттік бағдарламасы аясында жасалған көшелерді жарықтандыру жұмыстары талапқа сай жүргізілмеген. 

Жарықтандыру жүргізуге жауапты мердігер мекеменің жалпы құны 6 миллион теңгеден астам қаржы болатын жұмысты атқармағаны анықталды.

— «Жұмыспен қамту жол картасы 2020-2021» бағдарламасы аясында «Хромтау Тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Хромтау қаласының 6 көшесіне жарықтандыру жұмыстарын жүргізуі тиіс-тін. Дегенмен аудандық прокуратураның тескеру жұмыстары қорытындысында жұмыстың жүйелі жасалмағаны анықталды. Мысалы, шартқа сәйкес Елкеев көшесіне 54 жарықтандыру тірегі, 32 шам (жарықдиодты) орнату қажет болатын. Алайда 18 жарықтандыру тірегі мен 7 шам орнатылмаған. Сондай-ақ жарықтандыру тіректерінің жерасты бөлігі толықтай гидрооқшауланбаған, басқа да құрылыс-монтаж жұмыстары тиянақты жасалмаған, — дейді Хромтау ауданының прокуроры Нұрлан Қалдығожин.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мемлекетке келтірілген залал өтеліп, кінәлі адамдар жауапқа тартылды.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button